БАҚ: Назарбаевтың тоқалына қатысты театр сатылуы мүмкін

4621
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші әйелі Әсел Құрманбаеваға қатысы бар Алматы театры сатылымға шығарылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазТагқа сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, театр өкілі театрды сату туралы ақпаратты растай немесе жоққа шығара алмады, сонымен қатар нысанды сатуға қатысты сұраққа кім жауап бере алатынын да айта алмады.

«Орталық Азия мәдениет пен өнерді қолдау қоры» өнерге деген қызығушылығын жоғалтты. Тіпті, жоспарланған қаржыландыру да тоқтатылған. Соңғы дерек бойынша қазір оларда қатаң тексеру жүріп жатыр. «Шабыт» университетіндегі «шиеленістен» соң Айман Мұсаходжаева өз еркімен қызметінен кетті. Одан соң хореография академиясында аудит жүргізілді, бірақ ши шықпады. Қазір Құрманбаеваның «басқан ізі» тергелуде», – дейді тағы бір дереккөзі.

Қазір Алматы театрының бірінші директоры – 25 жастағы Шалбаев Ерсұлтан Мырзаханұлы.

2023 жылы директор Шалбаев Алматы театрының басшысы Диана Заированың орнын басқан. Кейін Заирова мен Құрманбаеваның байланысы бары белгілі болды. Белгілі болғандай, Заирова «Орталық Азия мәдениет пен өнерді қолдау» қорын басқарды. Ал Құрманбаева Заирова негізін қалаған «ATBco» ЖШС-ін басқарған. Ал «ATBco» клиенттерінің қатарына жоғарыда аталған Хореография академиясы кіреді.

«Театр «Халық банкінің» меншігіндегі жерге Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың өзі басқаратын “Базис-А” көмегімен салынған деген болжам бар.

Қызығы, ол құны 10 миллион тұратын театрды 50 миллион долларға бағалаған және Назарбаевқа сол бағаны ұсынған деген де деректер айтылады.

Жоғарыда айтқандай, 16 қаңтарда белгілі қазақстандық скрипкашы Айман Мұсаходжаева Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры қызметінен кетіп, университет басшылығы ауысты. Сондай-ақ Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында да кадрлық ауысулар болуы мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін экс президент Нұрсұлтан Назарбаев жарық көрген «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» атты кітабында екінші әйелі мен одан сүйген екі ұлы барын жазған болатын.

 

“Адырна” ұлттық порталы

 

 

Пікірлер