Жер сілкінісінен бір күннен соң. Президенттің Алматыға сапары басталды

1543
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Президент ертең бірқатар инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды аралап, әкімдіктің мегаполистегі жол-көлік жүйесін дамыту жоспарымен танысады. Сондай-ақ сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізу жоспарланып отыр" делінген Ақорданың ресми хабарламасында.

Еске сала кетейік, Алматы қаласында 23 қаңтарда түнгі сағат 00:09 уақытында магнитудасы 6,2 баллды құраған жер сілкінісі болды. Алдын-ала ескертілмеген, болжаусыз болған табиғи апат алматылықтарды дүрбелеңге салды. Аталмыш жайттан соң мемлекет басшысының Алматыға келетіні айтылған болатын.

 

Пікірлер