Министрлік Қазақстанда жер сілкінісі туралы жедел хабарлау мүмкін еместігін мойындады

1892
Adyrna.kz Telegram

Азаматтарды жер сілкінісі туралы SMS хабарлама арқылы жедел хабардар ету мүмкін еместігі айтылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл турады ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек айтты.

«Байланыс операторлары «Азаматтық қорғау туралы» Заңның 6-бабына сәйкес жаппай SMS жіберуге міндетті, олар оны жасай алады бірақ, мәселе басқаша. Мәселе технологияда, яғни SMS өте баяу, бірнеше сағат ішінде жетеді. Яғни, төтенше жағдай режимінде азаматтарды оқиға туралы, жағдай туралы жедел хабардар ету немесе оларға кеңес беру, бағыттау туралы ақпарат беру мүмкін емес», - деді Оразбек сәрсенбі күні Мәжіліс кулуарында.

Сонымен бірге ол әлемде жедел ескерту технологиялары бар екенін мойындады.

«Мұндай мүмкіндік Қазақстанда да бар, бұл өнімді операторлар жасап қойған, оның үстіне Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп сынақтан өткізіп те көргенбіз. Шындығында бірнеше секунд ішінде бүкіл оператор желісінде таратуға болады, алайда жағдайдың қай жерде орын алатынына байланысты, базалық станциялар бойынша, кейбір аумақтар бойынша жергілікті, нүктелік түрде таратылуы мүмкін. Енді біз депутаттармен «Азаматтық қорғау туралы» заңның дәл осындай шешімді қолдануға мүмкіндік беретін 6-бабында бұл бірінші және екінші, мемлекеттен қаржыландыру қажет екендігі туралы сөйлестік», - деді ол.

Сонымен бірге Оразбек Алматыдағы жер сілкінісі кезінде қолданыстағы ескерту жүйелері «жұмыс істеді» дейді.

«Бүгінгі қолданыстағы ескерту жүйелері жұмыс істеді. Байланыс операторларымен СМС-хабарламалар жіберілді», - деді вице-министр.

Алматылықтардың жер сілкінісінен кейін SMS-хабарламалар келгеніне қатысты шағымдарына қатысты ол: «Технологиялық сәйкессіздіктер бойынша байланыс операторына сұрақ қоюыңызды сұраймын», - деді.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ақпан айында екінші оқылымда байланыс мәселелері бойынша түзетулерді қарау кезінде Мәжіліс депутаттарымен жедел ескерту жүйесінің өзін қарастыруға уәде береді.

Алматыда жер сілкінісін ерте хабарлау жүйесіне 1,1 миллиард теңге жұмсалып, ақыры нәтиже бермегеніне қатысты вице-министр журналистерге: «Ондай болса әкімдіктен сұраңыз», - деді.

«Тыңдаңыз, министрліктің «елге хабарлау» сияқты функциясы жоқ. Жалпы, жаһандық деңгейде хабарландыруға келетін болсақ, сіз Төтенше жағдайлар министрлігінің тапсырмалары аясында және Ішкі істер министрлігінің, әкімдіктердің тапсырмалары аясында бізде не бар екенін түсінуіңіз керек, бұл олардың міндеттері. Ал Технологиялық көмек қажет болса, көмектесеміз», - деді Оразбек.

Пікірлер