Қазақ елінен -1 депутат. Respublicа партиясына не болды?

1523
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс Respublicа партиясының депутаты Динара Шүкіжанованың өкілеттігін тоқтату туралы мәселесін қарастырады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы ақпарат Орталық сайлау комиссиясының сайтында айтылды.

Шүкіжанова Орталық сайлау комиссиясына оның депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш берді.

“Динара Шүкіжанова VIII сайланған Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі, Respublicа партиясының теңтөрағасы Динара Шүкіжанова шын мәнінде Мәжіліс депутатының отставкасы туралы арыз жазды. Бұл туралы ертең палатаның жалпы отырысында белгілі болады. Алайда ол партияда қала береді.
Орталық кеңес мүшесі Динара Шүкіжанова партия қызметіне араласып, Қазақстан халқының игілігі үшін белсенді жұмысын жалғастыруды жоспарлап отыр”, - деп хабарлады Respublicа партиясының баспасөз қызметі.

Сонымен Шүкіжанованың өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер