Қазақстанда күріш бағасы тағы өсуі мүмкін

1995
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда күріш бағасы тағы өсуі мүмкін. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, бұған суармалы судың жетіспеушілігі, агротехниканың қымбаттауы және субсидияның уақтылы берілмеуі себеп. Күріш өндірісі қазірдің өзінде төмендеген. Егістік алқаптары да азайған. Ал күріштің құны бір жылда 39 пайызға көтерілді.

Былтыр бағаны негізсіз өсірген 6 өндірушіге 68 млн теңге айыппұл салынды. Агенттік бағаны реттеу үшін күріш өндірушілерге субсидияны көбірек бөлуді және өңірлерге суармалы суды жеткізудің нақты жоспарын бекітуді ұсынып отыр.

Пікірлер