Елімізде бір жылда 69 әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған

1521
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Қазақстанда отбасылық жанжал салдарынан 69 әйел қайтыс болған, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Былтыр елімізде отбасындағы ұрыс-керіс салдарынан 69 әйел мен 7 бала көз жұмған. Бұл деректі ҚР Сенат депутаты Жанна Асанова хабарлады.

2023 жылы Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 69 әйел, 7 бала қайтыс болған. Тұрмыстық зорлық дерегі бойынша 99 мыңнан аса хабар түскен. Балаларға қарсы 2 452 қылмыс жасалған. Бірнеше резонанс тудырған жағдай болды, - деді депутат.

Депутаттың сөзінше, Сенаттағылар Үкіметке мәселеге қатысты сауал жолдаған.

Депутаттар ұсынған заң жобасында зорлық-зомбылықты криминализациялау, яғни ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылған. Одан бөлек, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық нысандары үшін жазаны қатаңдату және тараптардың татуласуын болдырмау да қамтылған.

Пікірлер