Қазақстанның үш облысындағы көлік қозғалысына шектеу қойылды

2446
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/4906d320-e240-4319-91aa-fed119caa25b.jpeg

QazAvtoJol хабарлауынша, Қазақстанның үш облысындағы тас жолдарда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

20 қаңтарда сағат 10:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты 3 облыстағы республикалық маңызы бар тас жолдың 4 учаскесінде барлық көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Жамбыл облысында - 1 учаске 1."Алматы-Ташкент-Термез" 159-238 км, Кенен а.-Қайнар а. (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) - 79 км. (жаңбыр аралас қар, жел, тұман, шектеулі көрініс). Жетісу облысында - 1 учаске 1. "Үшарал-Достық" 84-184 км, Көктұма ст. - Достық ст. - 100 км. (тұман, шектеулі көрініс). Батыс Қазақстан облысында - 2 учаске 1. "Орал-Тасқала-РФ гр." 4-104 км, Орал қ.- РФ шек. - 100 км. (жел, боран, шектеулі көрініс). 2. "Самара-Шымкент" 195-246 км, РФ шек-Орал қ. – 51 км. (РФ ауа-райының нашарлауына байланысты). Сонымен қатар республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстау үшін 373 бірлік арнайы техника және 636 жолшы жұмылдырылғаны атап өтілді.

“Адырна” ұлттық порталы

Comments