Ақтауда қандаланы улаймын деп 2 баланы өлтіріп алған әйелге қатысты сот үкімі шықты

2218
Adyrna.kz Telegram

Ақтауда қандаланы улаймын деп 2 бірдей баланың өліміне себеп болған әйелге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Маңғыстау облыстық соты 48 жастағы қала тұрғынына 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол санитарлық қағиданы бұзып, абайсызда екі кішкентай баланың өліміне әкеліп соққан іс-әрекеті үшін кінәлі деп танылды.

Еске салайық, қайғылы оқиға былтыр болған еді. Ақтаулық әйел пәтеріне Алматыдан сатып алған қандалаға қарсы белгісіз дәріні шашып шыққан. Салдарынан бір қабат жоғары тұратын көршілерге аммиак көтерілгендіктен тұрғындар уланып, 10 айлық және 2 жасар екі бала қайтыс болды. 

Пікірлер