“Майқайыңалтын” кенішінде шұңқырға құлап кеткен автобусты іздеу барысында құтқарушылардың жұмыс құжаттары салынған сөмке табылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Бұл туралы Ongar_online Telegram-арнасында хабарланды.
“Шағын экскаватормен қазу кезінде құтқарушылардың жұмыс құжаттары салынған сөмке және автобустың жол сапар парақшасы табылыпты. Сондай-ақ автобустың мемлекеттік тіркеу немірі жапсырылған темір бампері де жоғарыға шығарылды”, - деп жазылған жазбада.
Естеріңізге сала кетейік, кеше журналист Оңғар Қабденнің оқиға орнына барып, бейнежазба жариялағанын хабарлаған едік. Бейнежазбада журналист “автобус ертеңдері табылып қалады” деп үміттенген болатын.
“Адырна” ұлттық порталы