Майқайыңдағы оқиға орнынан құтқарушылардың жеке заттары табылды

2949
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/3f6b798a-987c-49eb-940c-0ec9d0fc3a22.jpeg

“Майқайыңалтын” кенішінде шұңқырға құлап кеткен автобусты іздеу барысында құтқарушылардың жұмыс құжаттары салынған сөмке табылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы Ongar_online Telegram-арнасында хабарланды.

“Шағын экскаватормен қазу кезінде құтқарушылардың жұмыс құжаттары салынған сөмке және автобустың жол сапар парақшасы табылыпты. Сондай-ақ автобустың мемлекеттік тіркеу немірі жапсырылған темір бампері де жоғарыға шығарылды”, - деп жазылған жазбада. Естеріңізге сала кетейік, кеше журналист Оңғар Қабденнің оқиға орнына барып, бейнежазба жариялағанын хабарлаған едік. Бейнежазбада журналист “автобус ертеңдері табылып қалады” деп үміттенген болатын.

“Адырна” ұлттық порталы

Комментарии