Желіде Ақтөбелік белгісіз жүргізушінің көлігіне Кеңес Одағы туы бейнеленген "Победа" суретін жабыстырып алған видеосы тарады, деп жазады "Адырна" тілшісі.
Бейне бүгін, 29 шілде жергілікті тұрғындардың бірінен біздің редакцияға келіп түсті. Көпшілікке батыстық жүргізушінің бұл қылығы ұнамауда. Кеңестік бодандықты әлі де насихаттап жүргендердің саны, азаматтарымыздың ашуына тиюде.
"Мұндайларды жазалау керек!", "Елдігіміз, егемендігіміз қайда қалды?", "Осындай дүниелерді қояық жігіттер, қазақтың туын жабыстырып жүріңдер сурет жабыстырғыларың келіп бара жатса" деген пікірлер білдіруде жұртшылық.
Посмотреть эту публикацию в Instagram