Бүгін, 13 қаңтарда Алматы халықаралық әуежайында 10 жылдан астам уақыт іздеуде жүрген қазақстандық мемлекеттік шекараны жалған құжаттар арқылы кесіп өтпек болған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы тілшісі Polisia.kz telegram арнасына сілтеме жасап.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, «1970 жылы туған Қазақстан азаматы С.Ш.Ахметов аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 2013 жылдан бері халықаралық іздеуде болған».
Ұсталған азамат Алматы қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу және жедел іс-шаралар жүргізілуде. Басқа мәліметтер берілмейді.
”Адырна” ұлттық порталы