Әйеліне қол көтерді деп айыпталған Рахат Тұрлыханов жұбайымен бірге бейнеүндеу жасады

1807
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Дәулет Тұрлыхановтың інісі, әнші Рахат Тұрлыханов әйеліне қол көтергені  туралы ақпарат тараған. Алайда бүгін оның жары видеоүндеу жолдап, жолдасының сыртынан орынсыз әңгімелер айтылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Әнші Рахат Тұрлыхановтың әйелінің айтуынша, күйеуі қамқор әрі жақсы адам.

"Рахат өте жақсы адам. Мені және балаларын жақсы көреді. Өте қамқор әке әрі мейірімді жар. Әрине, отбасы болған соң басқа отбасылар секілді бізде де ұрыс-керіс болады. Бірақ өзгелер жағдайдың ақ-қарасын білмей неше түрлі ақпарат таратуда. Рахатты әділетсіз айыптап жатыр. Біз сіздердің тараптарыңыздан алаңдаушылық болып жатқанын білеміз. Бірақ уайымдаудың қажеті жоқ. Бізде барлығы жақсы", - деді әншінің әйелі. 

Пікірлер