1 қаңтардан бастап шағын жол-көлік оқиғасы болған жағдайда жүргізушілер сақтандыру құжаты болса полиция мен соттың қатысуынсыз-ақ оңайлатылған тәртіппен ресімдей алады. Бұл туралы Polisia.kz жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Рәсімдеу үшін мемлекет "Еурохаттама" мобильді қосымшасын әзірледі, деп хабарлайды ЖКО ресімдеудің бірнеше шарты бар.
«Апат салдарынан денсаулыққа зиян келтірілмеген болуы керек, автокөлік үшін залал сомасы 100 АЕК-тен аспауы тиіс. Бұл 369 мың теңге болады. Жеңілдетілген тәртіппен ресімделген ЖКО бойынша жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Әкімшілік және сот рәсімдерін болдырмаудың арқасында сақтандыру төлемдерінің мерзімі қысқарады, - деді ҚР ІІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Қуаныш Тілекбаев.