Жылдың үздік туындылары анықталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
"Адырна" ұлттық порталы әлеуметтік желіде "Жыл үздіктерін" анықтау мақсатында арнайы сауалнама жүргізді. Көпшіліктің шешімі бойынша "Жылдың үздік туындылары" деп танылғандар:
«Жылдың үздік қойылымы» ретінде Музыкалық жас көрермендер театры ұсынған "Гауһартас" қойылымы үздік деп танылды.
«Жылдың үздік романы» номинациясына Әлішер Рахаттың "Параллель" романы анықталды.
«Жылдың үздік хикаяты» болған - "Құстың тілін білетін сары бала мен қара өгіз". Үздік туындының авторы - Жүсіпбек Қорғасбек.
«Жылдың үздік поэмасы» - Мирас Асанның "Мағжан-нама" туындысы.
«Жылдың үздік өлеңі» - Нью-Йоркты еске алу (Дәурен Берікқажы)
«Жылдың махаббат жырларының үздік авторы» - Әмина Адайхан