Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезовауданының Мамыр-1 шағын ауданында жаңакомьюнити орталық ашты. Бұл ауданда 14 жастан 35 жасқа дейінгі 102 мың жас тұрады, оның 7,8%-ы NEET жастар. Комьюнити орталық жастардың шығармашылық бастамаларын дамыту мен оларды қызығушылығы бойынша біріктіретін идея алмасуалаңына айналады.
Комьюнити орталық дамыту жөніндегі жоба – Қазақстандағы жалғыз жоба. Бұл үшін Алматы әкімдігі 2023 жылы ғимараттар сатып алып, жөндеген. Келесі аптада тағы 7 орталық ашылады. 8 комьюнити орталық жылына 800 мыңнан астамжасқа қызмет көрсетеді. Орталықтардың жұмыскестесі қаңтардың екінші жартысындажарияланады.
Мұнда тегін негізде білім беру және мәдени іс-шаралар өткізіледі, жастар білікті психологиялықжәне заң көмегін, жұмысқа орналасуға, қаржымәселесі бойынша кеңес ала алады.
«Алматы – жастар қаласы. Бізде 14 пен 35 жасаралығындағы 680 мыңнан астам жас бар. Бірақ бас қосып ой бөлісетін, қиын кезде көмек көрсететінорталық қалада болған емес. Қазір біз бұл мәселенітиімді шешіп жатырмыз. Жыл соңына дейінбазалық инфрақұрылым құруға тырысамыз», - дедіЕрболат Досаев жастармен кездесу барысында.
Алматы әкімі коммуналдық орталықтардыңрезиденттерін жұмысқа орналастыру және жұмысберушілермен одан әрі серіктестік үдерісін бақылаумаңызды екенін атады.
«Бізге сіздерден кері байланыс қажет: барлықбілім беру курсы мен біліктілікті арттыру курсы, жастар бағдарламасын қазіргі заманға бейімдеукерек десеңіз, қайта қарастыруға дайынбыз. Мемлекет басшысы өз сұхбатында айтқандай, жастарға ерекше көңіл бөледі. Алдағы 2-3 онжылдық жастардың қолында», - деді ЕрболатДосаев.
Егер қазір Алматының әр ауданында 1 комьюнити орталық ашылса, онда жыл ішіндеолардың саны екі есеге артады. 2025 жылға қараймегаполисте осындай 16 алаң жұмыс істейді. Жастар жаңа мамандықтар мен қажетті дағдылардыүйге жақын маңдағы комьюнити орталықтан үйренеалады.
«4 курстың соңында аспаз болып жұмысістедім, университеттен кейін не істеу керектігінбілмедім. Сосын «Jasalmaty.kz» платформасында маркетинг курсын тауып, оқудан кейін солкомпанияға жұмысқа орналастым. Енді өз орнымды тапқандаймын. Оқу үдерісі өте ұнады, App Store-да порталдың мобильді қосымшасы бар екеніыңғайлы», - деді комьюнити орталыққа келуші Ержан Тәңірбергенов.
Тұрғылықты жерін ескеріп сабаққа қатысумүмкіндігі тыңдаушыларды көбірек қамтуғамүмкіндік береді. «Жұмыссыздар коммуналдықорталықтан мемлекеттік бағдарламалар бойыншакеңес ала алады, сонымен қатар, жұмысқа орналасумен оқуға қатысты нәрселерді біле алады. Ол үшін«Jasalmaty.kz» порталына тіркеліп, «JobFair365»жұмысқа орналастыру платформасында түйіндемежазу керек. Бұл ретте, көздеген бос жұмыс орныбойынша қажетті дағдысы болмаса, жастар«SkillBridge» платформасында өзекті мамандықтарбойынша қысқа мерзімді оқытудан өте алады, - дедіАлматы қаласы жастар саясаты басқармасыныңбасшысы Қайыржан Меңдіғалиев.
Комьюнити орталықтарының резиденттері үшінбарлық қызмет тегін. Бұған қоса, көлікке, қоғамдықтамақтануға, спорттық және мәдениинфрақұрылымды пайдалануға, оқыту мен шеберлік дәрістеріне жеңілдіктер беретін кешенді дисконттықкарталар іске қосылған.