Павлодарда жер астына құлап кеткен автобустағы адамдар әлі іздестіріліп жатыр

2617
Adyrna.kz Telegram

Павлодар облысы Баянауыл ауданы «Майқайыңалтын» кен байыту фабрикасындағы опырылған шахта астында қалған адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Опырылу орнында әлі де топырақ сырғып түсіп жатыр, опырылу шекаралары тұрақты емес. Құтқарушылар жоғары қауіпті режимде жұмыс істеуде. Оқиға орнында Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов пен ТЖ вице-министрі Мереке Пішембаев бар»,—деп жазды Төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметі.

Іздеу жұмыстарына Астана қаласы мен Павлодар облысы ТЖД кинологиялық есептоптары тартылды. Оқиға орнында барлығы 116 адам және ТЖМ, полиция, "103" қызметі бөлімшелерінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың 23 техникасы жұмылдырылды.

Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысында адамдар мінген автобус шахта маңында жер астына құлап кеткенін жазған едік.

Пікірлер