Көлсайда туристік автобус шатқалға құлап кетті

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/wFx79pCSnAxKW5OX5kGGyvrftHaaoYJ756aWyMpw.jpg

Алматы облысындағы "Көлсай көлдері" ұлттық паркінде туристік микроавтобус беткейден сырғып, тереңдігі 150 метрге жуық шатқалға құлап кетті, деп хабарлайды "Адырна".

Алматы облысының полициясы департаменті тексеру жүргізгенін мәлімдеді.

"Биылғы 25 сәуірде Көлсай таулы аймағында көлік, алдын ала мәліметтер бойынша, тұрақ аймағынан беткеймен төмен қарай өздігінен сырғып кеткені анықталды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ", — деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Көлік иесі полицияға арызданудан бас тартқан, ешкімге ешқандай шағымы жоқ екені атап өтілді.

Пікірлер