Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды “Адырна” порталы Schrödinger Sports-қа сілтеп.
«Қазақстанның үздік теннисшісі Австралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің екінші айналымында австралиялық Оливия Гадекекті (№124) 6:4, 6:1 есебімен жеңді», - делінген хабарламада.
Қазақстандық ару бельгиялық Элиз Мертенс (№30) пен америкалық Слоун Стивенс (№44) арасындағы текетірестен жеңген спортшымен тайталасады.