Бір жылдан аста уақыт бұрын Петропавл мен Шымкентте жоғалып кеткен екі ер адам мен Шығыс Қазақстан облысында өткен жылдың тамызында жоғалып кеткен үш баланың анасы өлі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілерінің Instagram желісіндегі парақшасы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Олардың өлімінің мән-жайы айтылмады.
2020 жылдың ақпанында Петропавлда 1977 жылы туған Сергей Денисов белгісіз жағдайда жоғалып кеткен болатын. Ол теміржол вокзалының жанындағы жергілікті SV plus жатақханасында тұрған. Ол жоғалғанда қасында құжаттары, заттары болған.