Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар шенеунікті қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Мемлекет басшысының өкімімен:
- Қайрат Иматұлы Сүнтаев Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан;
- Ерлан Сапарұлы Оразбай Президент Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан;
- Мұхамеджан Қадіржанұлы Таласов Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.