Карлов университетінде кімнің оқ атқаны белгілі болды. 15 адам қаза тапты, 25 адам зардап шекті

2400
Adyrna.kz Telegram
Сурет: moldovalibera.md
Сурет: moldovalibera.md

Чехияның Прага қаласында орналасқан Карлов университетінде атыс болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі euronews-ке сілтеме жасап.

Қалалық полиция басқармасы шабуыл жасаған адамның өз-өзін атып өлтіргенін мәлімдеді. 15 адам қаза тауып, 25-і жарақат алды. Дәрігерлердің айтуынша, 11 адамның жағдайы ауыр.

«Қайғылы оқиға философия факультетінің маңында болды. Оқу орнынан адамдар эвакуацияланды. Қазір оқ жаудырған адамның сыбайластары бар-жоғы тексеріліп жатыр»,—делінген хабарламада.

Чех әлеуметтік желілерінде қылмысты жасады деген ер адамның суреті жарияланып жатыр. Ол 24 жастағы студент Давид Козак болып шыққан. Ер адам алдымен ғимаратқа, кейін басқа студенттер жасырынуға тырысқан шатырға оқ жаудырған.

Айта кетейік, ел билігі оқ жарақатынан көптеген адамның қаза табуына байланысты 23 желтоқсанды мемлекеттік қаралы күн деп жариялады. Бұл туралы Чехияның премьер-министрі Петр Фиала мәлімдеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер