Алматыда осы жылдың қазан айынан бастап ғимараттардың сейсмикалық аудиті өтуде

8731
Adyrna.kz Telegram

Сейсмикалық қауіпсіздікті күшейту үшін осы жылдың қазан айынан бастап 16,7 мың нысанды қамтитын қала ғимараттарының сейсмоаудитін бастау қажет. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы әкімі Ерболат Досаев айтты.

«Әкімдіктің бастамасы бойынша Алматы қаласы Мәслихатының Алматы қаласының аумағын салу жөніндегі қағидаларды бекіту жөніндегі құзыретін, сондай-ақ қаланың күрделі объектілерін техникалық сүйемелдеу және қабылдау үшін ғылыми-зерттеу институтын тартудың орындылығын көздейтін заңнамаға өзгерістер енгізіледі. Бұдан өзге ЖАО-ға объектілердің сейсмикалық тұрақтылығы тұрғысынан қала құрылысын бақылау функциясын беру көзделуде», - деді қала әкімі.

Жер сілкінісі туралы ерте хабарлаудың 28 сейсмостансасын орнату толығымен аяқталды. ТЖ кезінде зардап шеккен халықты қабылдаудың 545 пункті белгіленді.

Бостандық ауданында Өрт сөндіру депосының құрылысы аяқталды. 75 метрге 2 өрт иінді көтергіш пен 90 метрге 1 көтергіш сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Пікірлер