Аты аталмаған әнші-актердің стюардессаға қол көтергені хабарланды

3030
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық әнші-актер ұшақ бортында стюардессаны ұрып жіберген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы FlyArystan әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеп. 

«18 желтоқсанда FlyArystan жолаушысы, медиа тұлға, әнші-актер әуе компаниясының стюардессасына физикалық күш қолданып агрессия көрсетті. Жолаушы өзінің сыртқы киімінің багаж сөрелерінде мыжылғанына наразылығын білдірді, содан кейін стюардесса жолаушының сыртқы киімін қол жүгінің үстіне қоюға көмектесу үшін үстіңгі сөреден алған, бірақ жолаушы оның киімін тартып алған. Пиджакпен қағып жіберіп, стюардессаның маңдайынан ұрған», - делінген хабарламада.

Рейс бір сағатқа кешіктірілген.

Әнші-актер , әуе компаниясының хабарлауынша, полицияға тапсырылып, оған 440-бап (алкогольді ішімдік ішу немесе мас күйде қоғамдық орындарға шығу) бойынша айып тағылды, дегенмен хабарламада құқық бұзушының мас болғаны айтылмаған.

«Жолаушыны жауапкершілікке тарту үшін стюардесса одан әрі заңды тергеу үшін сот-медициналық сараптамадан өтті», - делінген ақпаратта.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Пікірлер