Қазақстан билігі Ресей армиясын қамтамасыз етеді деген күдікке ілінген компанияға қатысты мәлімдеме жасады

1597
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігі Ресей армиясын қамтамасыз етеді деген күдікке ілінген Elem Group компаниясына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«7 желтоқсанда «Elem group» ЖШС АҚШ Сауда министрлігінің Өнеркәсіп және қауіпсіздік бюросының субъектілер тізіміне енгізілді. Айта кетейік, 2023 жылдың мамыр айынан бері «Elem group» ЖШС сыртқы сауда қызметін жүргізбеген.

«Енгізілген шектеулер бойынша, бұдан былай АҚШ жеткізушілері америкалық тауарларды осы тізімге енгізілген компанияларға арнайы лицензиясыз жібере алмайтынын білдіреді», - деп хабарлады дүйсенбіде Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігі.

Ақпаратқа сәйкес, «АҚШ Сауда министрлігі шектеулеріне ұшыраған компаниялар америкалық контрагенттермен жұмыс істеуді қоспағанда, жұмысын жалғастыра алады». «Бұл тізімге сонымен қатар Германия, Жапония, Бельгия, Ұлыбритания және т.б. дамыған елдердің кәсіпорындары кіреді. Бұл қайталама санкциялар емес, яғни АҚШ Қаржы министрлігінің (SDN list) шетелдік активтерді бақылау басқармасының (OFAC) бұғаттау тізіміне жатпайтынын ескеру маңызды», - делінген хабарламада.

Еске салайық, 17 желтоқсанда қазақстандық Elem group компаниясы Украинадағы ресейлік армияны қамтамасыз етеді деген күдікке ілінгенін хабарлаған болатынбыз.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер