Қостанайда тандыр өнімдері дайындалатын жерде газ баллоны жарылды

2092
Adyrna.kz Telegram

Қостанайда тандыр өнімдері дайындалатын жерде газ баллоны жарылды. Жалын шамамен 20 шаршы метр аумақты шарпыды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Төтенше оқиға сағат 18:49-да
Рабочая көшесінде болған.

«Газ жарылғанға дейін дүңгіршекте екі адам – ер адам мен әйел болған. Екі қызметкер де Өзбекстан азаматтары. Өрт сағат 19:16-да оқшауланып, 19:40-та сөндірілді»,—деп түсіндірді Төтенше жағдайлар департаменті.

Қостанай облыстық ТЖД басшысы Қайрат Қасымның айтуынша, мекемеде
қауіпсіздік шаралары өрескел бұзылған.

«Ер адам мен әйел тандыр пешін жаққан. Содан кейін олар суық гараждан алты газ баллонын әкеліп, пешке сүйеп қойған. Алғашқы газ болланы жарылғанда әйел жеңіл күйік алған. Ал ер адам оны итеріп шығарып, өзі бөлмеде қалып қойған. Өртті сөндіру кезінде тағы екеуі жарылған. Әйел қалалық ауруханаға жеткізілді. Жақын жерде орналасқан ғимараттар бүлінген жоқ, өртсөндірушілер де зардап шеккен жоқ»,—деді ол.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер