Қазақстан 2024 жылы бірыңғай уақыт белдеуіне көшуі мүмкін. Сауда және интеграция министрлігі үкімет қаулысына тиісті өзгертулер енгізу туралы жобаны дайындады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Құжатқа сәйкес, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 01 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа ауыстырады.
Айта кетейік, жоба 22 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауда болады. Қазақстандықтар «Ашық НҚА» порталында пікірін жаза алады.