Ресейдің Брянск қаласындағы мектепте оқушы қыз атыс шығарып, қауіпсіздік күштері ғимаратты қоршауға алды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Ресейлік БАҚ мәлімдеуінше, 8 сынып оқушысы гимназияның төртінші қабатындағы сыныпқа кіріп, биология сабағында оқ атқан. Ол төрт ер баланы жаралап, кейін өзіне қол жұмсағаны айтылды. Mash Telegram-арнасы мәліметінше, қыз әкесінің қаруын пайдаланған. Ал қыздың оқ атуына мектептегі қысым әсер еткен. Салдарынан екі адам қаза тауып, төрт адам жарақат алды.«Адырна» ұлттық порталы
Related news
Father, every word you say is the voice of the nation: exactly one year has passed since the death of Dulat Agadil's son, Zhanbolat.
