Қазгидрометтің мәліметінше, 2 желтоқсанда Алматы мен Шымкентте ауаның метеорологиялық ластануы күтіледі, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы».
Алматыда күндіз көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-шығыстан соғатын жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде шамамен нөл градус, күндіз 8-10 градус жылы.
2 желтоқсан күні, сондай-ақ 3 желтоқсанда түнде метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Бірақ, жалпы алғанда, қалада ауаның ластану деңгейі төмен болады деп күтілуде.
Шымкентте де көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус, күндіз 13-15 градус жылы.
2 желтоқсан күні, сондай-ақ 3 желтоқсанда түнде метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Бірақ, жалпы алғанда, қалада ауаның ластану деңгейі төмен болады деп күтілуде.
«Адырна» ұлттық порталы»