Қазгидрометтің мәліметінше, 2 желтоқсанда Алматы мен Шымкентте ауаның метеорологиялық ластануы күтіледі, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы».
Алматыда күндіз көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-шығыстан соғатын жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде шамамен нөл градус, күндіз 8-10 градус жылы. 2 желтоқсан күні, сондай-ақ 3 желтоқсанда түнде метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Бірақ, жалпы алғанда, қалада ауаның ластану деңгейі төмен болады деп күтілуде. Шымкентте де көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус, күндіз 13-15 градус жылы. 2 желтоқсан күні, сондай-ақ 3 желтоқсанда түнде метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Бірақ, жалпы алғанда, қалада ауаның ластану деңгейі төмен болады деп күтілуде.«Адырна» ұлттық порталы»
Related news
An Iranian director who had been unable to leave the country for 22 years has won at the Cannes Film Festival
