Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстан қызылша вирусын жұқтыру көрсеткіші бойынша болжамдардың шегіне жетті деп мәлімдеді. Бұл туралы "Адырна" сайты хабарлайды.
«Бүгінгі күні Қазақстанда күн сайын қызылша жұқтыру диагнозымен 250-350 жағдай тіркеледі. Желтоқсан айында жаппай иммундау тиімді жүргізілсе, көрсеткіштер бұдан жоғары болмайды деп ойлаймыз», - деді Ғиният сәрсенбі күні өткен брифингте.
Кейінірек ол жұқтырған 250-300 адамның көпшілігін негізінен балалар құрайтынын түсіндірді.
«Ауруханаларда 2378 науқас жатыр, оның 23-і ауыр халде жатқан балалар», - деп қосты Ғиният.