Қарағанды облысының жастары 24.11.23 ж. "VolteQ" волонтерлері жыл сайынғы "JarmenQ" әлеуметтік-қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді. Биыл 1 ТОМ өкпе гипертензиясы, аутоиммунды ауруы және генетикалық мутациясы бар Ермекова Алишаға арнап өткізді.
Жәрмеңке ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының аумағында өтті. Бұл жәрмеңкеде еріктілер демеушілердің өнімдерін сатып, ойындар мен қызметтерді өткізді.
Соңында волонтерлер 135 мың теңге жинап, Түркияның Стамбул қаласында емделу үшін баланың анасына аударды.
«Адырна» ұлттық порталы