Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 16-шы саммитіне қатысу үшін Өзбекстанға барды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Өзбекстан – Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бірі. Орталық Азиядағы барлық өңірлік сауданың шамамен 70%-ы біздің елдерге тиесілі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 30%-ға артып, алғаш рет $5 млрд-қа жетті. Біз өзара сауданы $10 млрд-қа жеткізу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз», — деді Премьер-Министр.
Өз кезегінде Шавкат Мирзиёев екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастық, атап айтқанда сауда, көлік және су шаруашылығы саласындағы уағдаластықтар жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
Өз кезегінде Шавкат Мирзиёев екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастық, атап айтқанда сауда, көлік және су шаруашылығы саласындағы уағдаластықтар жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар