Премьер-министр сайлаудан кейін Үкімет отставкаға кететінін айтты

2844
Adyrna.kz Telegram
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Премьер-министр Әлихан Смайылов Мәжіліс депутаттары сайланған соң Үкімет отставкаға кететінін айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Үкімет басшысы Ұлттық кітапханада орналасқан №111 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Содан кейін журналистердің сұрағына жауап берді.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, Үкімет жаңадан сайланған мәжілістің алдында өз өкілеттігін доғсрады.

“Біз отставкаға кетеміз. Жаңа үкімет құрылғанға дейін біз өз міндеттерімізді орындаймыз. Жаңа премьер-министр кім болатынын Президент пен Мәжіліс шешеді. Әрине, кез-келген жағдайға дайын боламыз. Біз әрқашан мемлекет игілігі үшін жұмыс істеуге дайынбыз, - деді үкімет басшысы.

Пікірлер