Дзюдодан Grand Slam турнирі. Кәмила Берліқаштан басқасы жүлдесіз қалды

5025
Adyrna.kz Telegram
Сурет: olympic.kz
Сурет: olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Кәмила Берліқаш Әбу-Дабиде өткен әлемдік Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Отандасымыз 78 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі өнер көрсетті. Ол финалда португалиялық Рошель Нуньеспен кездесіп, қарсыласына иппон әдісімен жол берді.

Айта кетейік, Grand Slam жарысы Біріккен Араб Әмірліктерінің Әбу-Даби қаласында 24-26 қазан күндері өтті. Турнирге еліміздің атынан 21 спортшы барды. Алайда Кәмила Берліқаштан басқа спортшылар жеңіс тұғырынан көріне алмады.

Пікірлер