Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Қытай Халық Республикасына барды. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Мұнда Мемлекет басшысы жоғары деңгейдегі «Бір белдеу, бір жол» бастамасының III форумына қатысады.
Сонымен қатар Бейжің Тіл және мәдениет университетінің аумағында орнатылған Әбу Насыр әл-Фараби бюстін салтанатты түрде ашады.