2024 жылдан бастап ТМД-ға кім төрағалық ететіні белгілі болды

3122
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/4e4144825e656bc782890e87034434ac_original.96646.jpg
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ТМД органдарына Ресей төрағалық етеді.  Бұл туралы Кабар агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Төрағаны кеңейтілген құрамдағы отырыста ТМД атқарушы хатшысы Сергей Лебедев хабарлады. «ТМД-ға төрағалық ету мәселесі қаралды. Делегация басшылары 2024 жылы Достастыққа төрағалық ету туралы шешім қабылдады. Онда Ресей Федерациясы Қырғызстан және Тәжікстанмен тең төрағалық етеді», – деді Сергей Лебедев. ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің келесі отырысы 2024 жылы 8 қазанда Мәскеуде өтеді. Бұл туралы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин хабарлады.

 «Адырна» ұлттық порталы

 
Пікірлер