2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ТМД органдарына Ресей төрағалық етеді. Бұл туралы Кабар агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Төрағаны кеңейтілген құрамдағы отырыста ТМД атқарушы хатшысы Сергей Лебедев хабарлады.
«ТМД-ға төрағалық ету мәселесі қаралды. Делегация басшылары 2024 жылы Достастыққа төрағалық ету туралы шешім қабылдады. Онда Ресей Федерациясы Қырғызстан және Тәжікстанмен тең төрағалық етеді», – деді Сергей Лебедев.
ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің келесі отырысы 2024 жылы 8 қазанда Мәскеуде өтеді. Бұл туралы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин хабарлады.
«Адырна» ұлттық порталы
Related news
The number of antelope in the country will be reduced by 80,000, and permission will be given to shoot them