Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мусинге 6 айда ауыл мектептерін сапалы интернетпен қамтуды тапсырды. Бұл туралы ол Республикалық педагогтер съезінде айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Тоқаевтың айтуынша, Қазақстанда әлемнің беделді оқу орындарымен бәсекеге түсе алатын мектептер бар. Алайда, онда елдегі балалардың тек жүзден бір бөлігі ғана оқиды.
Цифрлық мүмкіндіктер шалғай аудандардағы мектеп оқушыларын да еліміздің және әлемнің үздік мұғалімдерінің сабақтарымен қамтамасыз ете алар еді. Сондықтан бұл үкіметтің алдында тұрған кезек күттірмейтін міндет. Алты айдан кейін осы нұсқаудың орындалуын тексеремін, - деді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Назарбаевтың статусы жайлы норманы алып тастау — конституцияны реформалау немесе “Екінші республиканы” құру емес - Шалқар Нұрсейіт
Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаржылық тәртіп пен әлеуметтік әділеттілікке бағытталған саясаты: экономист көзқарасы
