Қостанайда үйлену тойында қонақтар бір-бірін пышақтап кеткен. Болған жанжалға қатысқан адамдарды полиция ұстады. Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
1 қазанға қараған түні полицияға Қостанай мейрамханаларының бірінің жанында бірнеше адам төбелесіп жатқаны туралы хабар келіп түсті. Шақыруға дереу келген полицейлер Қостанай қаласы ПБ Солтүстік бөліміне 6 қатысушыны жеткізді. Іс жүргізу кезінде болған оқиғаның мән-жайы анықталды.Салдарынан ер адамның бірі өзгеге пышақ салған. Жауап алынған 56 жастағы ер адам қасақана пышақтау фактісін жоққа шығармайды, делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Қостанайда алашордалықтарға қарсы күрескен бәлшебек Таранға орнатылған ескерткіш мызғымай тұр. А.Байтұрсынов көшесінде.
