23-24 қыркүйек күндері Сербияның Нови-Сад қаласында спорттық және жауынгерлік самбодан әлем кубогы өтті. 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ұлттық ұланның 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Еламан Қойшыбаев спорттық самбодан чемпион атанды, деп хабарлайды «Адырна».
Айта кетейік, бұл 2023 жылғы халықаралық күнтізбедегі екінші әлем кубогы. Бірінші кезең тамыз айында Қырғыз Республикасында өткен болатын.
Ұқсас жаңалықтар