2014 жылдан бері халықаралық іздеуде болған қазақстандық елге қайтарылды. Қазіргі кезде ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.
Бас прокуратура Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Түркия Республикасынан қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады.
Аталған қылмыстық құқық бұзушылық үшін мүлікті тәркілей отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған - деп Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай хабарлайды.
Ұқсас жаңалықтар
“14 пәтер, 1 миллиард теңге, Land Cruiser”. Талдықорған қалалық білім бөлімінің бас есепшісі ұсталды