Алматыда алғаш рет жаңа NEW MEDIA FORUM өтті

1782
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/6500a82f8d261769650171.jpeg
12 қыркүйекте Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен алғаш рет жаңа медиа форумы – NEW MEDIA FORUM өтті. Блогерлер мен инфлюенсерлер, цифрлық контент авторлары мен өндірушілері, мемлекеттік қызметкерлер мен инвесторлар өзекті мәселелерді талқылау, заманауи сын-қатерлерді анықтау және олардың қазақстандық қоғамға әсерін бағалау үшін жиналды. Форумға Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Журналистика факультетінің 2,3 курс студенттері де қатысып, Қазақстаннан және алыс-жақын шетелдерден шақырылған спикерлер мен хедлайнерлерге сұрақтарын қойды. № 1 Сессия ЖАҢА ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМ ТӘРТІБІ талқыланды. Спикерлер: Элдияр Кенесаров, Тимур Абдулин, Дәурен Меркеев, Сашни Бишвас, Михаил Краймер қатысты. Модератор: Жібек жолы» телеарнасының жаңалықтар жүргізушісі, қоғам қайраткері, ҚазҰӨУ «Кино және телевидение» кафедрасының доценті, «AQNIET GROUP» ЖШС PR директоры Айгүл Мүкей болды. № 2 Сессия МЕДИА НАРЫҒЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ Спикерлер: Айдос Сарым, Абылайхан Камаладин,Дильмурад Рахимов, Юлия Сычева, Алексей Бендзь  өз ісінің шеберлері қатысты. Модератор: Журналист және тележүргізуші, кәсіпкер, fashion-продюсер, блогер және қоғам қайраткері Динара Сәтжан. № 3 Сессия КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ЖАҢА МЕДИА Спикерлер: Марат Оралғазин, Ерболат Беделхан, Иса Меликов, Жазира Байдалы, Ернар Алмабек талқылады. Модератор: Qazaq Media продюсерлік орталығының директоры Александр Аксютиц. № 4 Сессия ЦИФРЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ ЖАҢА МЕДИА ЭТИКАСЫ Спикерлер: Никита Шаталов, Серик Камбарбаев, Нұрлан Байжігітұлы,Ғалым Қалиакбаров,Перизат Мырзахмет, Гүлмира Құсайынова Модератор: Журналист, тележүргізуші, продюсер, «Media Professional» продакшн-студиясының негізін қалаушы, ZTB.kz медиахолдингінің басқарушы серіктесі және бас редакторы Ғазиза Райымбек. № 5 Сессия МЕДИА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР: АҚПАРАТ КЕҢІСТІГІНІҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ Спикерлер: Александр Мелентьев, Абай Сейфулла, Марғұлан Тұрсынов, Шынар Сапар,Екатерина Филатова, Лаура Таганова,Евгений Богатырев. Модератор: Жасанды интеллект бойынша сарапшы, Цифрлық үкіметті қолдау орталығының директоры Рүстем Биғари. Жаңа медиа саласындағы өзекті мәселелерді талқылау; форум қатысушыларына өз жұмысында, бизнесінде немесе жеке өмірінде жаңа медианы пайдалану үшін қажетті құралдар мен білім беру; форум қатысушыларына тәжірибе, білім және идеялармен алмасуға мүмкіндік жасау шараның басты мақсаты болды.

Бақберген НҰРАЙ Кино&Медиа мамандығының 1 курс студенті  Жетекшісі: аға оқытушы, куратор Н.Б.Рушанова

 
Пікірлер