“Қазақ болып сен енді қалам деме”. Ақын домбыраны харамға санағандарға өлең шығарды

3728
Adyrna.kz Telegram

Ақын Мұқтарбек Тұрысбекұлы “Домбыра-харам” дегендерге арнап өлең шығарды. 

ДОМБЫРА ХАРАМ ДЕЙДІ ЖАМАН НЕМЕ...

Домбыраны харам деген жаман неме,
Қазақ болып сен енді қалам деме.
Рухани мұраңнан жеримін деп,
Атаңның әруағынан таяқ жеме.

Намыстан мақұрымды адам деме,
Жабысқан жат жұрттарға ол бір кене.
Қасиетті домбыра харам болса,
Төріне ілген оны бабам неге?

Надан тобыр қайталап сөзін жаудың,
Санасын уламасын дені саудың.
Домбыра қаңқасы емес кескен талдың,
Ол дүбірі даламда көшкен таудың.

Тұрғыны терезесі шөккен тамның,
Сәулесі тарамайды өшкен шамның.
Үрген иттей үн қатпа үйшігіңнен,
Топшылап тобырға тән түйсігіңмен.

Ми болмаса басында, адам - малғұн,
Айырмасы болмайды одан малдың.
Көкірегі көрсоқыр көрмес алдын
Домбыра ұстап сен неден кенде қалдың..?

Мұқтарбек Тұрысбекұлы

Пікірлер