Өзбекстанда балабақша қызметкері өз көлігімен бірден 25 баланы тасымалдаған, деп хабарлайды "Адырна".
Жүргізуші Бұхара облысында көзге түскен. Бұхара облысы ІІБ БДД баспасөз қызметінде бұл жағдайға қатысты ақпараттық хабарлама жарияланды.
Жол полициясының қызметкерлері Бұхара облысының Гивдуван ауданында өздерінің қызметтік міндеттерін орындау барысында "Spark" маркалы автокөлікті тоқтатқан. Әйел адам тізгіндеген көліктің салоны мен жүк салғышында балалар болған.
Белгілі болғандай жүргізуші азаматша жақын маңдағы жекеменшік балабақшалардың бірінің тәрбиешісі екен. Өз көлігімен балабақшадағы 25 баланы тасымалдайтыны белгілі болды. Балалар оның алдыңғы және артқы орындықтарымен қатар, жүк салғышында да болған.
Ұсталған жүргізуші әйел балалардың үйлері өте жақын екенін және бірінші рет балаларды тасымалдап жатқанын айтқан.
Қазір бұл оқиға желіде қызу талқылануда.