Наталья Жұмаділдаева үкіметте жаңа қызметке ауысты

3479
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/izobrazhenie_2023-09-14_181837533.png
Наталья Жұмаділдаева білім бірінші вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Үкіметтің қаулысымен Наталья Васильевна Жұмаділдаева Білім бірінші вице-министрі болып тағайындалды», - делінген хабарламада. Жұмаділдаеваның білім саласында 30 жылдық тәжірибесі бар. 1965 жылы туған. Еңбек жолын 1987 жылы бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған. 2004-2013 жылдары - Қызылорда қаласындағы No112 және No23 Қизатов атындағы орта мектептердің директоры. 2013-2015 жылдары - Қызылорда қаласы бойынша қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары. 2015-2016 жылдары - Қызылорда қаласындағы Оқушылар мен жасөспірімдер үйінің директоры. 2016-2021 жылдары - VI сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты. 2021 жылдан - «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі. 2022 жылдың қарашасында Білім министрлігі мектепке дейінгі тәрбие департаментінің директоры болып тағайындалды.  
Пікірлер