Норвегия F-16 жойғыш ұшақтарын Киевке беру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы норвегиялық TV2 телеарнасы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ақпаратқа сүйенсек, Норвегияның премьер-министрі Йонас Гар Сторе Украинаға сапармен келген.
Осылайша, Норвегия F-16 ұшағын APU-ға берген үшінші ел болады.
Ұшақтардың нақты саны айтылмайды.
Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Украина қарулы күштері Нидерландыдан 42 F-16 және Даниядан 19 жойғыш алатынын айтқан.
Ұқсас жаңалықтар
Ресей саясаткері: "Украина, Қазақ елі, Грузия... Империя құру үшін тыраштанған Ресейдің тас-талқаны шықты"
