Абай облысында жол апаты салдарынан жүргізуші тірідей өртеніп кетті, деп хабарлайды “Адырна”.
14 тамыз күні Абай облысына қарасты Ақжар ауылында Toyota Land Cruiser жүргізушісі жолаушылар мінген Vanhool автобусымен соқтығысты.
Белгілі болғандай, жол талғамайтын Toyota Land Cruiser көлігінің салонында өртті сөндіру кезінде жүргізушінің жанып кеткен мәйіті табылған.
Орын алған жол апатына қатысты:
"Автобус жүргізушісі Үржар аудандық ауруханасына жатқызылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Оның қорытындысы бойынша бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. ол бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - деді Үржар аудандық ІІБ бастығының бірінші орынбасары Бауыржан Омаров.