Шымкенттік спортшылар жеңіс тұғырынан көрінді

1913
Adyrna.kz Telegram

Каратэден тағы бір жерлесіміз Азия чемпионы атанды. Малакка қаласында WKF каратэден ересектер арасындағы XIX Азия чемпионаты өтуде. Жарыстың екінші күнінде жерлестеріміз үшін сәтті өтті. Бір алтын, бір қола медаль еншіледі.

Алпысбай Қайсар 60 келі салмақ дәрежесін бағындырды. Юлдашев Данияр 84 келі салмақта қола жүлдені қанағат тұтты.

Айта кетейік, чемпионаттың алғашқы күнінде кумите бағдарламасында Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Ұлттық құрама көшбасшысы Софья Берульцева (+68 кг) өз салмағында қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанған болатын. Сондай-ақ, биылғы бәсекеге құрлықтағы 31 елден 400-ге жуық татами шебері жиналды. Бұл қатарда 19 қазақстандық бар.

Пікірлер