Алматы облысында жеткіншек қызды көршісі байлап тастаған. Жәбірленушінің анасы арыз жазудан бас тартты

1849
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Алматы облысы Қырғауылды ауылында жеткіншек қызды көршісі байлап тастаған болатын. Бұл оқиғаға полиция түсініктеме берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Полицияның айтуынша, әйелдің жасы - 23-те.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ол мұны кәмелетке толмаған баланың ата-анасына ашуланып істеген. Өйткені қыздың әке-шешесі бейнежазбадағы әйелге ақшалай қарыз болған. Бірақ күдікті баланы босатып қоя берген, - дейді ведомство.

Ал жәбірленуші қыздың анасы ауылдастарының үстінен арыз жазудан және сот-медициналық сараптама жүргізу үшін қызын ұсынудан үзілді-кесілді бас тартқан.

Бұл факт Қылмыстық кодекстің 389-бабы бойынша ("Өзінше билік ету") Жамбыл аудандық полициясында тіркелген. Қажетті сараптамалық тексерулер жасалады дейді полиция.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында баланың аузы мен қолын байлап, қараусыз жерге апарған әйелдің видеосы тарағаны туралы ақпарат тараған болатын. 

Пікірлер